Қазақстанда бала туу рекордтық деңгейде төмендеді

  • 29
  • 14.05.2025, 18:31

Тарқатып айтар болсақ, биыл қаңтар мен наурыз айларының аралығында елімізде 77,3 мың нәресте дүниеге келген. Бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда шамамен 16 пайызға аз. Мұндай көрсеткіш соңғы рет 2014 жылдың бірінші тоқсанында тіркелген.

 Жалпылай алғанда дүниеге келген сәбилер саны барлық өңірде азайып отыр. Соның ішінде Ақмола мен Жетісу өңірлерінде ең төмен. Жалпы табиғи өсім 20,7%-ке қысқарған.