Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев бастаған бір топ депутат Ұлттық ғарыш орталығының қызметімен танысты. Мұнда спутникті сынау, ғарыш аппараттарын құрастыру учаскелерінде болып, жерді қашықтықтан зондтау топтамасын көрді. Сондай-ақ Сенаторларға саланы ілгерілету бағытында қолға алынған жұмыстар, орталықтың жоспары мен жобалары және «Байқоңыр» ғарыш айлағының ұшыру қызметтері туралы айтылды.
Сенат төрағасы Қазақстан үшін ғарыш саласын дамыту ел егемендігі мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету жолында стратегиялық маңызға ие екенін атап өтті.