Министрлік терек мамығымен сақ болуға шақырды

  • 80
  • 14.05.2025, 18:40

Терек мамығы қауіпті! Төтенше жағдайлар министрлігі оның өрт қаупін арттыратынын жеткізді.

Жаз басталысымен аулада, тротуарда және ғимараттар жанында жиналатын терек мамығы тез тұтанғыш келеді. Сондықтан кездейсоқ лақтырған сіріңке немесе темекі тұқылдары өртке әкелуі мүмкін.

Кейде балалар мамықты қызық көріп, өртеп жатады. Мамандар мұндай жайтты көре қалсаңыз, отпен ойнамауды түсіндірген жөн екенін айтады.