Астанада отандық өндірушілердің «Ұлттық өнім» 8-ші көрмесі ашылды. EXPO халықаралық көрме орталығына жиналған кәсіпкерлердің барлығы мемлекеттік бағдарламалардың көмегімен кәсіп ашқан. Көрмеге тамақ, жеңіл, химия өнеркәсібі, машина жасау, жабдықтар өндірісі, зергерлік бұйымдар және басқа да түрлі өнімдерін әкелді. Ұлттық бренд өнімдері қай салаларда қалыптасты? Отандық кәсіптің қазіргі аяқалысы қандай?
Құралай Жұмахан, тілші:
- Жыл сайын бұл көрмеге қызығушылық артып келеді. Сату көлемі 70 миллионнан 74 млн теңгеге дейін өсті. 2022 жылы келушілер саны 20 мыңнан асса, ұйымдастырушылар биыл 25 мың келушілерді күтуде. Олардың нақты саны көрменің соңында белгілі болады. Көрме 3 күнге созылады. Ал қазір отандық кәсіпкерлер бізді немен таңғалдыратынын көрсек. Көрмеге кіре берісте біздің көзіміз арболит блогына түсті. Бұл отандық өнім үй және түрлі ғимараттар салуға арналған. 90% ағаштан, 10% цементтен тұрғандықтан өте жылы әрі берік. Ең басты артықшылығы – арболиттен салынған үй қабырғасы жарылмайды. Міне, мен қолыма 5 келілік кувалдоны алып, ұрып көрсем.
Мирас Рамазанов, кәсіпкер:
- Арболит блокты 1921 жылдан бастап өндіріп келеміз. Биыл 5-ші жыл. Сұраныс артып бара жатыр. Қазіргі таңда 150-ге жуық нысан салынды. Бұны ғалымдар ойлап тапқан.
Көрмеге келушілердің, әсіресе ұлттық киімге назары ауды. Зер шапан, бүрмелі көйлектер көздің жауын алады.
Эльза Қайыржанқызы, дизайнер:
- Бұрынғыға қарағанда қазіргі халықтың сұранысы өте күшті. Сонау Атыраудан біздер бұл көрмені күтеміз. Бұл жерде кеөптеген клиенттерімізді табамыз. Астанадағы көрмеге 3-ші жыл келіп жатырмыз. Сол үшін «Даму» қорына, Үкімет басшыларына мың да бір алғыс айтамыз.
Көрмеде отандық кәсіпкерлікті дамытуға арналған панельдік сессиялар да өтіп жатыр. Оған мемлекеттік органдардың басшылары, банктердің топ менеджерлері, белгілі бизнесмендер мен халықаралық сарапшылар қатысуда.
Фархат Сәрсекеев, кәсіпкерлікті қолдау қорының төрағасы:
- 3 құралымыз бар. Бірінші құралымыз – ол кепілдік беру. Екінші құрал –жеңілдетілген пайызбен несие беру. Бүгінгі таңда 12,6 дегенді көздеп отырмыз. Үшінші құралымыз – ол субсидиялау.
Ұлттық өнім көрмесі – қазақстандық бизнестің бәсекеге төтеп бере алатынының дәлелі. Бұл алаң қазақстандық брендті халықаралық аренада насихаттап, ел кәсіпкерлерінің имиджін қалыптастырудағы маңызды элементке айналып келеді.
Құралай Жұмахан, Ербол Меңдіғалиев