2030 жылға қарай отандық фильмдердің жалпы прокаттағы үлесі 35 пайызға жетуі тиіс. Қазірдің өзінде бұл көрсеткіш 23 пайызға жуықтап қалды. Яғни 94 фильм түсірілді,- деді бүгін баспасөз мәслихатын өткізген киногерлер.
«Бүгінде Қазақстан киноиндустриясы өркендеу кезеңін өтуде. Отандық кино өндіруге барынша жағдай жасалып, мемлекет кинематографистерді қолдап отыр. Заман көрінісін бейнелейтін жаңа буын режиссёрлері қалыптасып келеді», - деді жиынға қатысушылар.
Ғани Мұратов, ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Мәдениет комитеті кинематография басқармасының басшысы:
- Мемлекеттік қолдау бірінші кезекте коммерциялық табысқа емес, фильмдердің сапасы мен әлеуметтік-ағартушылық миссиясына бағытталған. Басым бағыттарға жас режиссёрлерді авторлық және деректі киноны, сондай-ақ анимацияны қолдау кіреді.
Министрлік Кино орталығымен бірлесіп бірнеше жоба жасаған. Өндірісі аяқталып, прокатқа арналған 54 көркем фильмнің 34-і экранға шықты. 2024 жылдың өзінде 5 ұлттық фильм кең прокатқа шығып, осы жылдың соңына дейін тағы 10 фильм көрерменге жол тартады. Ал Ұлттық киноны қолдау ортылығына биыл 444 өтініш келіп түссе, соның 99-сы ашық питчингке жолдама алған.
Құрманбек Жұмағали, «Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы» КЕАҚ басқарма төрағасы:
- 2515 шығармашылық ұжымдарға, кино түсіремін деген қауымға барлық жағдай жасалған. Шығармашлықы ұжымға да жағдай жасалған.
«Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша кинематография саласында ауқымды «қайта жүктеу» жұмыстары басталды. «Қазақфильм» киностудиясын нығайту және конкурс өткізу жүйесінің ашықтығын арттыру мақсатында заңнама жетілдірілуде. Қазақ киносының он жылдық даму стратегиясы әзірленіп жатыр», - деді киногерлер.
Алуа Маханбет, Дархан Күнтуов