Қазақстанның Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдермен тауар айналымы өткен жылы 11,4 миллиард долларды еңсерді. Бұл туралы Премьер-министр Олжас Бектеновтің ұйымның бас хатшысы Кубанычбек Өміралиевпен кездесу барысында айтылды. Онда жоғары деңгейде қол жеткізілген уағдаластықтарды жүзеге асыру мәселелері, ұйым елдері арасындағы өзара ынтымақтастықты одан әрі кеңейту жолдары талқыланды. Гуманитарлық бастамалар сөз болды. Ақтау қаласы 2025 жылы Түркі әлемінің мәдени астанасы деп жарияланса, осы жылдың маусым айынан бастап Алматы ТМҰ-ның жастар елордасы болады.