Жетекші адвокаттар мен заңгерлер, мемлекеттік органдардың басшылары 300-ден астам қала тұрғынына тегін заңгерлік кеңес берді. «Ашық есік» форматында өткен жиында қала тұрғындары жер алу, тұрғын үй салу, алимент төлеу, жол төсеу, жарық тарту, инфрақұрылыммен қамту, білім беру және жұмысқа орналастыру сияқты өзекті мәселелерін ортаға салып, мамандардың көмегіне жүгінді. Көп азамат заңды жақсы білмейтіндіктен, адвокаттар мен мемлекеттік органдардан тегін кеңес алуға болатынынан бейхабар екендерін айтады. Өткен жылы облыс аумағында 2 мыңнан астам адам тегін заңгерлік көмекке жүгінген.
Бибігүл Асқарбаева, қала тұрғыны:
-Мен жаңа қаланың тұрғынымын, сол жерде ЖК «Отырар». Бізде аялдама жоқ. бұл біз үшін өте өзекті мәселе. Себебі біз жұмысқа бару үшін 1-2 шақырым жүріп, 32-ші көшедегі аялдамаға баруымызға тура келеді. Бұл мәселені шешуге мүмкіндік бар екен. Шешіп береміз деді
Мұхит Тұрғараев, облыстық Әділет департаменті басшысының орынбасары
-Адвокаттарға тегін заң көмегіне жүгінуге болатынын халық біле бермейді. Әділет депаратментіне әр жыл сайын бюджеттен қаражат бөлінеді. Ол қаражатты біз адвокаттарға әр құқықтық көмек көрсеткеніне бөліп отырамыз.