Қызылорда облысында сантехника заттарын өндіретін зауыт салынады

  • 126
  • 12.06.2025, 18:36

Үкімет басшысы Олжас Бектенов Roca Group директорлар кеңесінің төрағасы Сантьяго де Гомар Рокамен кездесті. Келіссөз барысында тараптар зауыт салу жобасын жүзеге асыру мәселесін талқылап, келісімге қол қойды. Тартылатын инвестиция көлемі 70 млн евро деп бағаланып отыр. Жобаның жалпы қуаты жылына 500 мың сантехникалық бұйым өндіруге дейін жетеді. Дайын өнімдер ішкі нарықпен қатар Орталық Азия елдеріне экспортталады. 300-ге жуық жаңа жұмыс орны ашылады. 

Сантьяго Де Гомар Рока, Roca Group директорлар кеңесінің төрағасы:

-Біз Қазақстанды бүкіл аймақ үшін тиімді жұмыс істей алатын өнеркәсіптік және логистикалық хаб ретінде қарастырамыз. Елде өндірісті дамытуға қолайлы жағдай жасалған. Қызылорда облысындағы жоба жергілікті экономиканың дамуына үлес қоса отырып, халықаралық стратегиямыздың маңызды бөлігіне айналатынына сенімдіміз.

Нұрлыбек Нәлібаев, Қызылорда облысының әкімі:

-Қазіргі таңда Өндіріс индустриялық аймағынан инфрақұрылымы дайын 20 гектар жер телімі берілді. Зауыт Орта Азиядағы құрылыс саласындағы ең ірі жобалардың біріне айналады деп күтілуде.