Атырау облысына көшіп келген 169 қазақ қандас мәртебесін алды

  • 119
  • 16.07.2025, 18:37

Жыл басынан бері Атырау облысына көшіп келген 169 этникалық қазақ қандас мәртебесін алды. Олардың көбі Өзбекстан, Ресей, Түрікменстан, Қытай және Моңғолия елдерінен қоныс аударған. Көшіп келген қандастар облыс орталығы ғана емес, Жылыой, Құрманғазы және Мақат аудандарына тұрақтады.

Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының мәліметінше, қандастарды орналастыру үшін биыл өңірге 100 квота бөлінген. Олардың көшіп келуі үшін жол шығынын өтеуге әлеуметтік төлем берілді. Бұған қоса, баспана жалдау мен коммуналдық қызметтер үшін ай сайынғы көмек те тағайындалған. 

Асылзада Сүндетова, облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының бас маманы:

- 81 адамға отбасын көшіруге 70 АЕК мөлшерінде әлеуметтік төлемдер төленді. 6 отбасы 13 адамға ай сайынғы тұрғын үйді жалдауға 20-25 АЕК төлемдер тағайындалды. Мансап орталықтарына хабарласқан қандастарымызға әлеуметтік қолдау түрлері көрсетілуде. Атап айтқанда, 2 қандасымыз тұрақты жұмысқа орналастырылды. 2 қандас қоғамдық жұмысқа және 1 қандасты қайта даярлау курсына  жібердік.