Қаржылық мониторинг агенттігі Шымкентте қаржы пирамидасының қызметін тоқтатты. Заңсыз ұйым «ҚазМұнайГаз Инвест» деген атаумен азаматтардың сеніміне кіріп, алаяқтық жасаған. Ал заңсыз жолмен салымшылардан жиналған қаражатқа екі қымбат көлік, сондай-ақ Түркістан облысынан тұрғын үй мен мейрамхана сатып алған. Бұл мүліктерді жасыру мақсатында туыстарының атына рәсімдепті. Сот санкциясымен аталған мүлікке тыйым салынып, күдіктілер қамауға алынды.
Айта кетейік, олар салымшыларға әр 15 күн сайын 50% кіріс түсетінін айтып қызықтырған.
Ернар Тайжан, ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің ресми өкілі:
- Төлемдер тек жаңадан тартылған қатысушылардың қаражаты есебінен жүзеге асырылған. Бастапқы салым сомасы 500 мың теңгеден басталған.Нәтижесінде шамамен 200 азамат қаржы пирамидасының құрбанына айналып, жалпы сомасы 1 млрд теңгеден астам қаржысынан айырылған.