Қызылорда облысында тағы қуаңшылық. Сырдария өзенінің деңгейі күрт төмендеп, ауыл шаруашылығы дақылдары қауіптің құрсауында қалды. Қазір егістік алқаптарын суаруға Төтенше жағдайлар министрлігінің бөлімшелері келіп, күндіз-түні жұмыс істеп жатыр. Биылғы астық далада қалмай ма?
Жауын-шашынның жоқтығы және Сырдария өзенінің тартылуы Шиелідегі күріш өсірушілерін сары уайымға салды. Шіліңгір шілденің аптап ыстығындағы су тапшылығы оларды шығынға батыруы мүмкін.
Күлімбет Асқарбай, күріш өсіруші:
- 90-100 күн суда тұратын дақыл. Қазір көріп тұрсыздар, жер жарылып жатыр. Қазір неше күн болды, осында қиындық. Қазір шаруашылықтар 8 осындай мотор қойды. Мына МЧС-тен бөлек. МЧС-тің де көп көмегі тиіп жатыр. Егер суарылмаса, ертең не болады? Бейнеттің бәрі далаға кетеді.
Болатбек Смағұлов, Шиелі ауданы әкімінің орынбасары:
- Көріп тұрғандай, 8 облыстан 10 жылжымалы насостар келіп, қазір көмектесіп жатыр. Оған қосымша өзіміздің ауданда 32 осындай су айдайтын қондырғылар жұмыс істеп тұр. Тамыз айының 20-нан кейін суды байлау басталады. Соған дейін осы суды ұстап тұрсақ, әрі қарай шығып кетеміз деген үміттемін.
Су тапшылығы Сырдария, Жалағаш, Қазалы аудандарында да байқалады. Жергілікті шаруаларға 19 облыстан төтенше жағдайлар мамандары көмекке келді. Олар сорғылардың көмегімен каналдардан су тартып жатыр.
Талғат Дүйсебаев, облыстық Ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы:
- Облыста мына қашықтықтағы суды екінші мәрте қайта пайдалану үшін 238 насос қондырғылары жұмыс жасайды. Оның ішінде айтып кету керек, мынау ТЖМ тарапынан үлкен қолдау болды біз үшін. Ол 25 насос жылжымалы насос қондырғыларымен көмек беріп, сол әр облыстан бір-бір группадан келді. Жалпы ТЖМ қарамағындағы 72 адам осы кезде біздің облыста вигитациялық кезеңді өткізуге үлкен жәрдем беріп жатыр.
Өңірде астықтың өсіп-жетілу кезеңі тамыздың ортасында аяқталады. Мамандардың айтуынша, одан кейін су тапшылығы қатты сезілмейді.
Айдарбек Айтмұхамбетұлы, Райхан Тәжібаева, Ақан Әлиев, Айтмұхамбет Байдоллаев