Еліміздің екі мегаполисі мен жеті облысында дабыл жүйесі қосылады. Шілденің 23-і мен 24-і күндері жойқын жер сілкінісі болуы мүмкін деген өңірлерде, атап айтсақ Алматы, Шымкент қалалары және Абай, Жетісу, Алматы, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Қызылорда мен Түркістан облыстарында «Жер-2025» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы өтеді.