Сот алдында 12 жәбірленуші сөз сөйледі. Олардың бірі судьядан үкім шығарарда қоғам белсендісінің анасы Ғайни Алашбаеваның жасын ескеруді сұрады. Бұған дейін прокурор Перизат Қайратты 10 жылға, ал анасы Ғайни Алашбаеваны 8 жылға бас бостандығынан айыру жазасын сұраған еді. Бүгін айыпталушылар мен олардың қорғаушылары жарыссөзде сөз сөйледі. Алайда бұл кезде сот отырысы жабық форматқа ауысты.