Мемлекет басшысының тапсырмасын жүзеге асыру аясында қайтарылған заңсыз активтер әлеуметтік инфрақұрылымды жақсартуға бағытталып отыр. Үкімет сумен жабдықтау желілерін салуға және жаңғыртуға Арнаулы мемлекеттік қордан 20 млрд-тан астам қарды бөлді. Қазір өңірде құны 5 млрд теңге болатын Шардара топтық су құбыры салынып жатыр. Сондай-ақ қор қаражатынан 9 ауылды сумен жабдықтау үшін 4,2 млрд теңге бөлінді. Мұндай жұмыстар Сарыағаш, Қазығұрт, Келес, Ордабасы және Отырар аудандарында да жүргізілуде.