Бүгін Абай мұрасын зерттеушілер құқықтық мәдениетті насихаттауға арналған пікірлесу алаңында бас қосты. Олар «Әділет мектебі» жобасы аясында ұлы ақынның қара сөздері өміршеңдігін жоймағанын атап өтті. Сарапшылардың айтуынша Абай ілімінің өзегі – өзін-өзі жетілдіру, әділеттік пен тәртіпке негізделген. Заңгерлер, ата-ана мен ұстаз қауымы құқықтық сауатты Абай мұрасымен байланыстыра отырып талдады.
Зәмзәгүл Қиянова, № 97 мектеп-гимназиясының директоры:
-Абайдың қай еңбегін алып қарасақта тәртіпке, құқықтық сауаттылыққа негізделген. Біз сол жағын тереңдетіп, ұстаздарға ақпараттандыру, ұстаздар арқылы оқушылардың ақпараттандыру. Осы кездесуге заңгерлер келіп отыр. Өздерінің ойларымен бөлісіп. «Абайдың қара сөздерінде неге оны айтқан? Неге біз оны білуіміз керек? Балаға қалай үйретуіміз керек?» деген мәселелер қозғалды.