Алматы хайуанаттар бағындағы Ару есімді піл әлеуметтік желінің жұлдызына айналды. Жануар «Қайраттың» «Селтик» командасынан басым түсетітін алдын ала болжаған. Жұмысшылар пілге екі футбол командасының аты жазылған жеміс-жидекке толы шелек ұсынған. Мұны 4 рет жасап көрген. Соның бәрінде Ару «Қайратты» таңдаған. «Қайраттың» жеңісін дәл болжағаннан кейін оны көргісі келетіндердің саны бұрынғыдан арта түсіпті. С
оңғы жылдары ірі футбол турнирлерінде жануарларға жорамал жасату сәнге айналды. Мысалы, 2010 жылы сегізаяқ Пауль Испанияның әлем чемпионы болатынын дөп тапқан. Паульден кейін Ахилл атты мысық, Нелли дейтін піл мен Фунтик есімді жабайы шошқа пайда болды.
Балабек Махатов, хайуанаттар бағы тұяқты малдар бөлімінің меңгерушісі:
- 2022 жылы әлем чемпионатында финалда Аргентина мен Францияның кезіккенін де көріпкелдігін білдіріп, Аргентиннің жеңетінін сезген. Бұл жолы Қайрат пен Селтик арасында футбол матчында сол тура тапты деп айтуға болады. «Қайратты» көрсетті.