Олжас Бектенов «Самұрық-Қазына» директорлар кеңесі отырысын өткізді

  • 8
  • 28.08.2025, 18:36

«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ тағы алты жобаны қолға алып, жобалар тізбесін 52-ге дейін кеңейту туралы шешім қабылдады. 

Бұл туралы Премьер-министр Олжас Бектеновтың қатысуымен өткен «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ директорлар кеңесінің отырысында айтылды.

Жиында Мемлекет басшысының ірі инвестициялық жобаларды жүзеге асыру жөніндегі тапсырмаларының орындалу барысы сөз болды. «Самұрық-Қазына» басшылығы директорлар кеңесіне өндірістік және қаржылық көрсеткіштер туралы есеп берді.