Есірткімен күрес: 13 т тәркіленіп, 14 қылмыстық топ ұсталды

  • 7
  • 18.09.2025, 19:38

Ішкі істер министрлігінің дерегінше, жыл басынан бері есірткіге қатысты 5 мың құқықбұзушылық анықталып, 12 зертхана жойылған. 

«AMANAT» партиясының орталық аппаратында өткен отырыс барысында нашақорлықпен күресті күшейту шаралары сөз болды. Есірткінің таралу жолдарына тосқауыл қою маңызды екенін айтылды. 

Нартай Сәрсенғалиев, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

- Бұл тұтас бір ұлттың денсаулығына, тұтас рухани дүниелерге әсер ететін дүние және экономикалық, қаржы тұрғысында да үлкен азаматтарға әлеуметтік тұрғыда соққы болатын дүние екенін бәріміз көріп отырмыз. Сондықтан осы мәселені енді қалай шешу керек, қалай қозғалу керек, не істеуіміз керек деген сауалды баршамыз бірігіп іздейміз.