Әлемнің 21 елінен келген 300-ден аса компания Алматыда өтіп жатқан TransLogistica Kazakhstan 2025 халықаралық көрмесіне қатысты. Бұл Орталық Азиядағы ең ірі, жыл сайын ұйымдастырылатын көрмелердің бірі. Логистика нарығында жұмыс істейтін компаниялар тың жобаларын ұсынды. Қатысушылардың 40% қазақстандық кәсіпорын. Көрмеде жүк тасымалы мен көлік саласының өзекті мәселелері де қамтылды. Биыл көрмеге алғаш рет Пәкістаннан делегация келді. Беларусь, Литва, Латвия және Эстониядан келген сала мамандары да қатысып, саланы дамыту жайын талқылады.
Гүлзана Әбдішәріпова, көрмені ұйымдастыру комитетінің өкілі:
-Жыл сайынғы көрме отандық көлік саласының дамуына, бизнес пен халықаралық байланыстың нығаюына үлес қосады. Жүк иелерімен тікелей кездесуіне, бірлескен тасымал ұйымдастыруға серіктес табуға мүмкіндік береді. Өйткені көрмеге қатысушылардың шамамен 80% жүк тасымалымен айналысатын логистикалық компаниялар.