Ауыл шаруашылығы саласына үш ғасырын арнаған еңбек әулетінің тынысы

  • 7
  • 06.10.2025, 19:49

Солтүстік Қазақстан облысында ауыл шаруашылығы саласына үш ғасырын арнаған еңбек әулеті тұрады. Әке жолын қуған Мұрат Қаражұманов Меңгесер ауылында өмір бойы механизатор болып істейді. Қазір оның ізін ұлы басты. 

Мұрат Қаражұмановтың егін шаруашылығында табан аудармай еңбек етіп келе жатқанына 40 жылға жуықтады. Ес білгелі комбайнға отырған білікті механизатор қырдағы астықты жүк көлігімен қырманға тасиды. Таңның атысы, кештің батысы далада жүреді. 

Мұрат Қаражұманов, механизатор:

- Механизатор болу – оңай емес қой. Бұл енді өзіміз таңдаған мамандық қой. Мамандықтан ешқашан өкінбеймін. Қыстың суығы н,е жаздың ыстығы не –  осы ауырпашылықтың бәрін көтеріп еңбек етіп келе жатырмыз. Інілеріміз бәріміз осы әкеміздің жолын қуып келе жатырмыз. Міне, аталарымыз бәрі бәлін жылдан еңбек етті осы шаруашылықта.

Олар үшін ауыл шаруашылығы атадан балаға мирас болып келе жатқан кәсіп. Ұрпақ сабақтастығын ұлы Мақсат та жалғастырып, мал фермасында еңбек етеді. Қатарластары сияқты қалаға көш түземей, туған жерінде өсіп-өнген.  Қазір «қара шаңырақты» ұстап отыр

Мақсат Мұратұлы, мал азығын дайындау цехының операторы:

- Әкемнің жолын қуып келе жатырмын. Осы шаруашылықта жұмыс істеп, әкемді кішкентай кезімізден қарап бірге, қасында жүріп қызығып осы техникаға жұмыс істеп келе жатырмыз. Ауылда өзіміздің шаруашылық. Үй шаруашылығы бар, мал ұстаймыз үйде. Бәрі жақсы үйде. Әкеме көмектесіп, әке-шешеме осы қара шаңырақта отырмын.

Бұл әулеттің ауыл шаруашылығындағы еңбек өтілі 300 жылдан асады. Әр ұрпақ саланың дамуына өлшеусіз үлес қосып, маңдай терін адалынан сіңірді.  Соның арқасында елдің құрметіне бөленіп отыр. 

Авторлар: Айдарбек Айтмұхамбетұлы, Қуаныш Қазбеков.