Құрылыс саласының даму қарқыны қандай?

  • 20
  • 14.10.2025, 19:35

Биыл 13 миллион шаршы метрге жуық тұрғын үй пайдалануға берілді. Бұл тәуелсіздік жылдарындағы ең жоғары көрсеткіштердің бірі. Құрылыс саласының даму қарқыны мен негізгі жетістіктері қалай жүруде?

Тәуелсіздіктің алғашқы жылдары құрылыс саласы үшін ең күрделі кезеңдердің бірі болды. Нарықтық жүйеге өту саладағы тұрақтылықты жойып, өтпелі кезеңнің бастамасына айналды. Біршама құрылыс компаниясы банкротқа ұшырап, дағдарысты бастан кешті. Бірақ дәл сол шақта дамудың жаңа бетбұрысы айқындалды. Себебі ел астанасының құрылысы басталды.

Ақмоладан кейін Астанаға өзгертілуі бұл мемлекеттік құрылымда экономикаға бірқатар айрықша өзгеріс енгізді. Ол әрине, жоқтан бар жасау деген секілді Астананың индустриалды дамыған ел ретінде көрсетті. Әлем халықтарының ішінде Астана біздің ерекше орын алады. Себебі әлем халықтарының көп жиыны осы Астана қаласында өтеді.

Елорданың бой көтеруі құрылыс саласының жаңғыруының бастауы болды.  Бірақ бір Астанамен шектелмей, барлық қалада құрылыс қарқыны айтарлықтай артты. Әсіресе бұған «Қолжетімді баспана», «Нұрлы жер», «7-20-25» сияқты бағдарламалар өз үлесін қосты. 

Бақытжамал Жұматаева, экономист:

-Тәуелсіздігімізді алғанға дейін құрылыс саласында қиындықтар болды. Инвестиция тартылмады. Қазіргі кезде жан-жақтан инвесторлар тартылып, соның арқасында құрылыс деңгейі жақсы қарқында дамуда.


Бұл динамика бүгінгі күнде де сақталып келеді. Биылғы жылдың 9 айының қорытындысы бойынша құрылыс қарқыны шамамен 15% артқан. Ең жоғары өсім сол күйі бас қалада. Мұнда құрылыс қарқыны шамамен 42% өсті. Ал Алматыда 37,7% төңірегінде болды. Солтүстік Қазақстан облысындағы көрсеткіш те қуантарлық. Құрылыс қарқыны 27% артқан. Жалпы биыл 13 миллион шаршы метрге жуық тұрғын үй пайдалануға берілді. 

Осылайша, тәуелсіздіктің алғашқы жылдары қиын кезеңінен бастау алған құрылыс саласы бүгінде елдің экономикалық өрлеуінің айқын көрсеткішіне айналды. 

Дана Әлиева, Руслан Тәуірше