Алматы облысында шалғай ауылдарға газ тартылады

  • 22
  • 14.10.2025, 19:37

Алматы облысының Ұйғыр ауданындағы Шарын мен Бахар ауылдарының тұрғындары газбен қамтылды. Алғашқылардың бірі болып Бахар ауылында тұратын соғыс ардагері Алым Кебировтың үйіне газ кірді. Жақында Тасқарасу ауылына да көгілдір отын жеткізіледі. Балқаш ауданындағы 6 елді мекенде 1,5 мың үйдің тұрғындары қыста отын жарып, көмір тасымайды. Ақжар ауылы мен аудан орталығы Бақанаста салынып жатқан жаңа шағын аудан да газдандырылмақ. Алдағы уақытта Кеген мен Райымбек аудандарына газ құбырын тарту жұмыстары басталады. Былтыр шалғай ауылдарды көгілді отынмен қамту бойынша 17 жоба жүзеге асырылса, биыл бұл мақсатқа 11 млрд теңге бөлінген.  

Гүлмәрия Шопанбаева, Ақжар ауылының тұрғыны:

-Біз енді ауыл тұрғындары білесіздер, көмір аламыз қымбаттан, 40 мың бір тоннасы, 35 мыңнан.
Отын түсіреміз кәдімгі ағаш отын жаңағы от жаққанға. Оның бәрі бізге ауырлық келтіреді. Оның бәрі қаржы. Ал енді мынау газ жүргізсе бізге жақсы болар еді. Газ деген енді жақсы ғой, қыста қосып қоямыз да, кететін жағымызға кете береміз.

Азат Құтпанбетов, Балқаш ауданының әкімі

-
Негізі 20 елді мекеннің 11 елді мекені осы 2027 жылға жоспарланып отыр. Сонда 55% 27 жылға, ал қалған 45% осы 30 жылға дейінгі бас жоспарда бар. Құйғанға дейін және Қаройға дейін осы газ құбырларын тарту жалпы 2030 жылға дейін жоспарланған.