Алатау қаласын дамыту пысықталды

  • 7
  • 21.11.2025, 19:36

Премьер-министр Алатау қаласын дамыту жөніндегі кеңестің отырысын өткізді. Қазір ол жерде тұрғын үй құрылысы қарқын алған. Мәселен, биыл ауданы 103 мың шаршы метрден астам баспана пайдалануға беріліпті. Енді халықаралық сарапшыларды тарту және әлемнің жетекші мегаполистері тәжірибесін зерделеу арқылы қаланың дизайн коды және кешенді көлік схемасы әзірленуде. Шаһарға құйылған инвестиция мөлшері де едәуір ұлғайыпты. Жоспар бойынша жуық арада 21 мың адамға жаңа жұмыс орны құрылмақ. Қазірдің өзінде қалада құны 1 триллион теңгеге тең тамақ және жеңіл өнеркәсіп салалары бойынша 18 жоба іске қосылған. Елдегі ең ірі Аlatau арнайы экономикалық аймағын салу жұмыстары да жалғасуда.