Ел аумағында заңсыз әрекет еткен 13 жасырын зертхана жабылды

  • 9
  • 13.01.2026, 21:38

Бұл туралы Ішкі істер министрлігінің мамандары хабарлады. Құқық қорғау органдары жүргізген жедел шаралар нәтижесінде былтыр 49 тоннаға жуық тыйым салынған зат тәркіленіп, 1,5 тонна синтетикалық есірткі айналымнан алынған. Қылмыстық жауапкершілікке тартылған 4 мың 800-ден астам адамның басым бөлігі жастар. 

Айта кету керек, елімізде бұл қылмыс түріне қатысты жаза айтарлықтай күшейтілген. Осы ретте Ішкі істер министрлігі 2026–2028 жылдарға арналған нашақорлық пен заңсыз бизнеске қарсы кешенді жоспарды таныстырды. Құжатта профилактика, мониторинг, цифрлық тетіктер мен халықаралық ықпалдастықты нығайту көзделген. Шара аясында тақырыптық көрме де ұйымдастырылды. 

Бақытжан Әмірханов, ҚР ІІМ Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитетінің басқарма бастығы:

- Есірткінің өзіміздің Шу алқабында, Қызылорда өңірінде арнайы өсірілетін, Голландиядан әкелінген басқа сорттары өсіріледі. Соны анықтау үшін Ұлттық ұланның қызметкерлері бізге көмектеседі. Одан кейін екінші дронның түрі — вертолет типті. Жаңадан қолданайын деп отырмыз, ауадан 9 химиялық құрамды анықтап, ауа арқылы есірткі бар ма, жоқ па — соны анықтауға мүмкіндік береді.