Балалар лагерьлеріне бірыңғай талаптар енгізілді

  • 5
  • 21.05.2026, 19:49

Бірінші сәуірден бастап еліміздегі балалар лагерьлері арнайы лицензиямен жұмыс істейді. Жаңа талап балалардың қауіпсіздігі мен қызмет сапасын арттыруға бағытталған. Лицензия бес жылға беріледі.

Енді сауықтыру орталықтары білім беру бағдарламасы, медициналық қызмет, қауіпсіздік жүйесі және материалдық база талаптарына сай болуы тиіс. Қазір өңірлерде лагерьлердің жазғы маусымға дайындығы тексеріліп, лицензия рәсімдеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.