Қарағандыда заманауи FLSmidth орталығы ашылды

  • 6
  • 21.05.2026, 19:46

Қарағандыда тау-кен байыту кәсіпорындарына техникалық қызмет көрсететін кеңейтілген FLSmidth сервистік орталығы ашылды. Жоба мыс өндіруші KAZ Minerals Тобының ұзақ мерзімді серіктестігі аясында жүзеге асырылды. Компания Қазақстанда жергілікті сервисті, инженерлік шешімдер мен өндірістік құзыреттерді дамытуға үлес қосып отыр.

Қарағандыда FLSmidth кеңейтілген сервистік орталығының ашылуы - елдегі өнеркәсіптік саланы дамытудағы маңызды қадам. FLSmidth пен KAZ Minerals серіктестігінің арқасында халықаралық компаниялар Қазақстанда сервистік және өндірістік алаңдар ашып, жаңа жұмыс орындарын құрып, заманауи технологияларды енгізіп жатыр. Мұнда тау-кен байыту кәсіпорындарының жабдықтары жедел жөнделіп, техникалық қызмет көрсетіледі. Бұл өндірістегі кідірістерді азайтып, тиімділікті арттырады.

Айжан Балабатырова, KAZ Minerals Management ЖШС басқарма төрағасы:

- FLSmidth  сервистік орталығының болуы – KAZ Minerals үшін өте маңызды. Себебі жаңа қызмет біздің өндірістің тұрақтылығын, жөндеу және қызмет көрсету жұмыстарын қамтамасыз етеді. Сондай-ақ қосалқы бөлшектерді жеткізу тізбегін жылдамдатуға мүмкіндік береді. Бұл өнеркәсіп саласына ең қажетті қолдау. Мұнда тек жабдықты жөндеу  ғана емес, сонымен бірге жергілкті білімді инженерлік құрамды дайындау жұмысы жүзеге асады. 

Жаңа кеңейтілген FLSmidth сервистік орталығы тау-кен байыту жабдықтарына толық қызмет көрсету циклін қамтамасыз етеді. Мұнда диагностика мен жөндеуден бастап қосалқы бөлшектер жасау және өзге де  сервистік қызметтер көрсетіледі. Сонымен қатар бөлшектерді жеткізуді жедел басқару жүйесі жұмыс жақсы жолға қойылған. Бұл кәсіпорындардағы кідірістерді, тоқтап қалу жағдайларының алдын алады. Нәтижесінде KAZ Minerals-пен бірлескен жоба елімізде өндіріс, инженерлік шешімдер мен логистиканы біріктіретін заманауи өнеркәсіптік сервис жүйесіне айналып отыр.

Тони Лааксонен, FLS Group басқарма төрағасы:

- Сервистік орталықтың кеңеюі жабдықтың қызмет ету мерзімін ұзартып, энергия тиімділігін арттыруға және кәсіпорындардың су тұтынуын азайтуға көмектеседі. Біз технологияларды дамытуға және жабдықты жаңғыртуға үнемі инвестиция саламыз. Сонымен қатар өндірістік процестерді тиімді әрі заманауи ететін цифрлық шешімдерді енгіземіз.

Сонымен қатар орталықтың қуаттылығын одан әрі кеңейту және ғылыми-зерттеу базасын дамыту жоспарланып отыр. Бұл жаңа жұмыс орындары, инженерлік кадрлардың біліктілігін арттырып, өнеркәсіпті дамытады. KAZ Minerals тобының арқасында елдегі Hitachi, Borusan, Orica сияқты таынмал компаниялардың жұмысы жеңілдеді. Тың бастаманың арқасында шамамен мың жаңа жұмыс орны ашылып, 44 миллиард теңгеге жуық инвестиция құйылған. 

Руслан Нұрланұлы, Сайран Ақамбаев, Аман Хамит