ENVIDA AI қаржы пирамидасы бойынша іс қозғалды

  • 9
  • 22.05.2026, 19:37

Жамбыл облысында ENVIDA AI қаржы пирамидасын құру және оған жетекшілік ету бойынша тергеу жұмыстары басталды. Қаржылық мониторинг агенттігінің хабарлауынша күдіктілер WhatsApp-та арнайы топ ашып, азаматтарға «тұрақты жоғары табыс» түседі деп уәде берген. Бірнеше өңір тұрғындары зардап шеккен. Атап айтқанда, Ақтөбе, Атырау, Қызылорда, Павлодар, Түркістан облыстары мен Алматы қаласынан да арыз түсіпті.

Ернар Тайжан, ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің ресми өкілі:

-Жобаның маркетингтік моделі көпдеңгейлі жүйеге құрылған. Негізгі табыс жаңа салымшыларды тарту есебінен қалыптасып отырған. Бұл жүйе бойынша қаржы пирамидасына 370-тен астам салымшы тартылды. Тергеп-тексеру жалғасуда.