Алаяқтарға алданып қалатындардың көбі - зейнеткерлер. Өйткені олар, заманауи тәсілдер туралы білмейді. Сондықтан қаржылық мониторинг агенттігі дипфейк, дауысты пайдалану, дефекті жасау туралы түсіндірмелік жұмыстар жүргізіп жатыр. Сарапшылардың айтуынша, жасанды интеллект арқылы алаяқтық күшейіп барады. Азаматтарға алаяқтардың жаңа тәсілдерін түсіндіріп, қаржылық әрі цифрлық қауіпсіздікті арттыру жолдарын үйрету керек. Бүгін Астанада өткен іс-шараға журналистер, қоғам белсенділері мен мемлекеттік орган өкілдері қатысты.
Самал Абаева, «AMANAT» партиясы заң блогының жетекшісі:
-Әлеуметтік осал топтарына біз приоритет жасаймыз. Тек сосын қалған азаматтар кезек бойынша көмек алып тұрады. Ол жерде, шыны керек, сот заңгерінің бөлімі сот біткенше сүйемделуін жасайды. Бізде күніне 900-ден бастап 1000 рет қоңырау шалады. Одан басқа бізде AI чат-бот бар, What’s App арқылы. Ол жерде 4000 адаммен күнде сөйлесіп отырамыз.