Оқушыларға киберқауіпсіздік сабақтары өтіп жатыр

  • 9
  • 22.05.2026, 19:46

Жасөспірімдер пайдаланатын контенттің 36 пайызында психотроптық және басқа да зиянды заттар туралы мәліметтер көрсетіледі. Оның сыртында ар-намысты қорлау, буллингті насихаттау сияқты деректер тағы бар. Мамандардың айтуынша 5 жастағы балалардың 40 пайызға жуығы интернетті қолданады. Мұндай ерте цифрлану баланың психологиялық дамуына кері әсер етуі мүмкін. Әсіресе ата-ананың бақылауынсыз қолданылған интернет түрлі қауіпке жол ашады. Әлеуметтік желі мен ойын платформалары арқылы зиянды контентке тап болады. Сондықтан киберқауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру қазір басты міндеттердің біріне айналды. Сарапшылар қауіпсіздік сүзгілерін қолдануға кеңес береді. Сонымен қатар мектеп пен ата-ананың бірлескен жұмысы да өте маңызды.

Жұлдыз Сүлейменова, ҚР Оқу-ағарту министрі:

- Екінші жыл қатарына еліміздің барлық мектептерінде апта сайын қауіпсіздік сабақтары өткізілуде. Сабақтардың тақырыбы дербес деректерді қорғау, әлеуметтік желідегі мінез-құлық қағидалары, киберқауіптер, интернеталаяқтық, қауіпті онлайн байланыстардан сақтану сияқты сұрақтарға арналады.