Павлодар облысында 4 күнде мыңнан астам заңбұзушылық анықталды

  • 9
  • 22.05.2026, 19:44

Төрт күнде мыңнан астам құқықбұзушылық анықталды. Павлодар облысында жол қауіпсіздігін күшейту мақсатында «Қауіпсіз жол» жедел алдын алу іс-шарасы жүргізіліп жатыр. Рейд кезінде мыңнан астам құқықбұзушылық анықталып, көлік иелері әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Мақсат - жол-көлік оқиғаларының алдын алып, жүргізушілерді қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақыру. Әкімшілік айыппұлдарын төлемеген жүргізушілерді анықтау мақсатында да арнайы рейд ұйымдастырылды. Бір күнде борышкерлерден 3 миллион теңгеден астам қаражат өндірілді. Жеті автокөлік арнайы айыппұл тұрағына қойылды.