Шымкентте өндірістік кәсіпорындар тексеріліп, өрескел заңбұзушылықтар анықталды. Тексерулердің бір бөлігі тұрғындардың қоршаған ортаның ластануы туралы арыз-шағымдары бойынша жүргізілген. Талапты бұзған компанияларға 80 миллион теңгеден астам айыппұл салынып, олқылықты жою туралы ұйғарым шығарылған. Тіпті кейбір өндірістік учаскелер қызметі уақытша тоқтатылған. Жалпы жыл басынан бері 27 өнеркәсіп тексерілсе, оның 13-і жоспардан тыс жүргізілген. Мамандардың мәліметінше, бірқатар нысан экологиялық рұқсат құжаттарынсыз жұмыс істеген. Сондай-ақ зиянды шығарындыларды тазарту жүйелерінде ақаулар анықталып, кей кәсіпорындар жаңа цехтар мен жабдықтарды тиісті келісімсіз пайдалануға берген.
Ермахан Қозыбаев, Экология департаментінің басшысы:
- Қазіргі таңда екі мекемеге қатысты соттың шешімі шықты. Жалпы қалған мекемелерде мекеме нұсқауларын орындауға уақыттары бар. Егер нұсқама орындалмаған жағдайда біз қайтадан тексеру ашып, 462-бап Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің берілген нұсқаманы орындамау ол бойынша сотқа жолдайтың боламыз.