Жаңа конституция - дамудың жаңа кезеңі  

  • 69
  • 01.07.2026, 19:35

Бүгіннен бастап күшіне енген Конституция саяси және экономикалық реформаларды сәтті жүзеге асыруға құқықтық негіз болады. Сонымен қатар мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіруге серпін береді. Өңір тұрғындары жаңа құжат елдің демократиялық дамуына да ықпал етіп, қоғам мен мемлекеттің тұрақты өркендеуіне жол ашады деген сенімде. 

Сауалнама:

- Конституция – елдің дамуына бағыт беретін маңызды құжаттардың бірі және де бұл Конституция біздің еліміздің халқының жауапкершілігі мен әділдігінің артуына жоғары үлкен деңгейде үлес қосады деген үміттемін.

- Соның ішінде мысалы, «Жаңа Қазақстан», «Таза Қазақстан» секілді жобалар біздің еліміздің дамуына аса қажет жобалардың бірі. Яғни бұл жобалалардың барлығы адам құқықтарын немесе олардың мәдени дамуына үлес қосады.

- ҚР Конституциясында білім және ғылым стратегиялық бағыт ретінде айқындалған. Бұл біздің жастарымызға сапалы білім алып, ғылыммен айналысып, біздің еліміздің дамуына өз үлесін қосуға жақсы мүмкіндік береді.