Елде су ресурстарын тиімді басқару бойынша 22 жоба іске қосылды

  • 59
  • 20.07.2026, 19:36

Елде су ресурстарын тиімді басқару және халықты сапалы ауызсумен қамту бойынша құны 218 млрд теңгеден асатын 22 жоба іске қосылды. Бұл жұмыстар Президент тапсырмасына сай қолға алынған. Биыл Түркістан, Ақмола және Жамбыл облыстарында жаңа су қоймалары мен су жинақтаушы нысандардың құрылысы аяқталады. 12 сумен жабдықтау жобасын іске асыру нәтижесінде 142 ауылдағы 540 мыңға тарта тұрғын ауызсумен қамтылады. Бұдан бөлек, кәсіпорындарда электронды шарттар жүйесі іске қосылып, «Биллинг» платформасында 28 мыңнан астам келісім тіркелді. Өткен жылы 1,2 миллион гектар егістік алқапты суаруға 11 текше шақырымнан аса су кәдеге жаратылды. Оның 97 пайызы оңтүстік өңірлерге тиесілі. Биыл да шамамен осынша көлемде су алу жоспарланып отыр. Ал қоймаларға келетін су көлемін болжауға TALSIM гидрологиялық моделі енгізіліп жатыр.