Үкімет Алакөл жағалауын қорғауға ₸3 млрд бөлді

  • 5
  • 22.07.2026, 19:44

Үкімет Алакөл жағалауын қорғауға 3 млрд теңге бөлді. Тиісті қаулыға Премьер-министр Олжас Бектенов қол қойды. Бөлінген қаражат ұзындығы 6 шақырым қорғаныс бөгетін салуға бағытталады. Оның 2,5 шақырымы Көктұма ауылына, 3,5 шақырымы Ақши ауылына тиесілі. 2025 жылы 1,7 шақырым учаскеде нығайту, жер қазу, бетон құю жұмыстары жүргізілген. Жалпы алғанда құрылыс-монтаждау жұмыстарының шамамен 25%-ы аяқталған. Жобаның жүзеге асырылуы Алакөл жағалауының одан әрі шайылуының алдын алып, өңірдің туристік әлеуетін дамытуға және демалушылар мен жергілікті тұрғындарға қолайлы жағдай жасауға мүмкіндік береді.

Жандос Сәлімов, ҚР Су ресурстары және ирригация вице-министрі:

-Жобаны іске асыру Алакөлдің табиғи жүйесін сақтауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар қорғаныс инфрақұрылымын салуға, өңірдің туристік әлеуетін арттыра отырып, демалушылар мен жергілікті тұрғындар үшін қолайлы жағдай көрсетуге ықпал етеді.