Семей ядролық полигоны жабылғанына 35 жыл

  • 10
  • 27.08.2026, 19:38

Биыл әлемдегі ең үлкен ядролық сынақ алаңы - Семей полигонының жабылғанына 35 жыл. Қазақ даласында қырық жыл бойы жүргізілген жарылыс жұмыстары 1,5 миллионнан астам адамның өмірін жалмады. 18 млн гектар сынақ алаңында 456 рет болған дүмпу мыңдаған жанның жүрегіне жазылмас жара салды. Радиациялық сәулелердің салдарын халық әлі күнге дейін тартып келеді. Семей ядролық сынақ полигоны жабылуының 35 жылдығына орай елордада дөңгелек үстел отырысы өтті. Іс-шараға 40-тан астам сарапшы қатысып, ядролық дипломатияның қағидаттары мен тетіктері сынды бірқатар маңызды мәселені талқылады. 

Әсем Хайдарова, ҚР ПІБ Президенттік орталығының жетекші ғылыми қызметкері:
- Әлемдегі екінші ядролық полигон аймағының жабылуы бұл әлемдік деңгейдегі үлкен оқиға болып табылады. Ядролық қарудан бас тарту, бейбіт қарым-қатынасты орнату секілді, соны бағалап БҰҰ 29 тамызды ядролық қарудан бас тарту күні ретінде белгілеген болатын. Ядролық апаттың салдарымен күресу әлі де жалғасып жатыр. Мемлекет тарапынан, Невада-Семей қозғалысының. Бірақ оның барлығы бір күнде бітетін жұмыс емес. Өйткені салдарын әлі күнге шешіп келеді.