Елде 250 мыңнан астам ескі көлік утилизациядан өтті. Жауаптылардың айтуынша, бұл қоршаған ортаны қорғаумен қатар, жолаушылар мен жүргізушілердің қауіпсіздігіне де оң әсер етеді. Алда бұл көрсеткіш арта түспек. Қазір «Утилизация 2.0» бағдарламасы әзірленіп жатыр. Онда қайта өңделетін өнім көлемін арттырып, көлік басына берілетін соманы көбейту көзделген. Сертификат мөлшерін Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі жыл сайын нарықтағы орташа бағаға қарай белгілейді.
Арслан Бесжанов, «Жасыл даму» АҚ департамент директоры:
- Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі бекіткен 2026 жылғы жеңілдік сертификаты бойынша автокөліктерге берілетін сома: жеңіл автокөлікке 315 мың, жолаушылар көлігіне 550 мың, ірі жолаушылар көлігіне 750 мың тг. Жүк көліктеріне 550 мың, ауыр жүк көліктеріне 750 мың теңгеге дейін беріледі. Тракторларға берілетін сома 1 млн 1,5 млн теңгеге дейін.