Елде құрамына 215 жоба енетін жаңа инвестициялық цикл түзілді

  • 7
  • 31.08.2026, 19:33

Елде құрамына 215 жоба енетін жаңа инвестициялық цикл түзілді. Жобалардың жалпы құны 78,6 млрд доллар. Бұл жұмыстар Президент Жолдауында көрсетілген тапсырмалар шеңберінде қолға алынып отыр. Бүгінге дейін 17,8 трлн теңгеге 66 инвестициялық келісім жасалған. Жыл басынан бері фармацевтика, энергетика, металлургия, агроөнеркәсіп кешені, инфрақұрылым және денсаулық сақтау салаларында 25 келісімге қол қойылған. Сондай-ақ негізгі капиталға салынған инвестиция 23,5 трлн теңгеге жетті. Ал былтыр шетелден тартылған қаржы 14,4 пайызға ұлғайып, 20 млрд доллардан асты. Үкімет инвестиция тартуда отандық дайын өнімдер өндірісін нығайтуға баса мән беріп отыр.