Құрылыс аумағында жасыл желек оталған жоқ
Құрылыс аумағында жасыл желек тізіміне кірмейтін шыбық бұталар ғана кесілген. Естеріңізге салайық, өткен аптада табиғат жанашырлары және қалалық Жасыл экономика басқармасының мамандары: «Құрылыс аумағында 11 мың түп ағаш рұқсатсыз кесілді», – деп дабыл қаққан болатын. Ал жобаның инженер-экологы Егор Мишениннің айтуынша, компания бұл жерді 10 жыл бұрын сатып алған уақытта тек бос алқап болған. Осы уақыт аралығында тиісті құжаттар жасалып, жоба мақұлданғанша алқапта табиғи жолмен жабайы жас өскіндер көбейген. «Сондықтан бұл шыбықтарды кесу үшін рұқсат алудың қажет жоқ», – дейді эколог.
Дмитрий Ревин, ОСК өкілі:
- Құрылыс жүргізу үшін рұқсат алдық. Аталған мәселеге байланысты қазір біз Жасыл экономика басқармасымен бірге анықтау жұмыстарын жүргізіп жатырмыз. Егер сол аумақта 11 мың түп ағаш болғаны рас болса, онда біз 1 ағаштың орнына 5 ағаш егуге дайынбыз. Бірақ алдымен сол 11 мың түп ағашты табуымыз керек. Бұл жерде жасыл желекке жатпайтын бұтақтар ғана болды.