Қостанай облысында пойыздар қозғалысы уақытша тоқтатылады
Бұл туралы облыстық Ішкі саясат басқармасы мәлімдеді.
«Бүгіннен бастап Нұр-Сұлтан – Челябі; Нұр-Сұлтан – Атырау (Тобыл станциясы арқылы); Нұр-Сұлтан-Атырау; Нұр-Сұлтан – Орал (Тобыл станциясы арқылы); Нұр-Сұлтан – Орал; Барановичи – Қарағанды; Арқалық – Нұр-Сұлтан; Орал – Алматы-2 бағыттары бойынша пойыз қатынасы уақытша тоқтатылды. Ал Қостанай – Алматы пойызы Отар станциясына дейін қысқартылды. Пойыз Нұр-Сұлтан қаласы аялдамасына дейін бармайды. Қостанай – Қарағанды бағыты бойынша соңғы рейс 2020 жылдың 1 сәуірі күні жүргізіледі. Қостанай – Арқалық жолаушылар рейсі 2020 жылдың 2 сәуірі күні Арқалық қаласынан жүреді. Маңғышлақ – Нұр-Сұлтан бағыты Атбасар станциясына дейін қысқартылды», – делінген басқарма ақпаратында.
6 сәуірде өңірде жолаушылар пойыздары толық тоқтатылады. Оның ішінде Қостанай қаласы маңындағы бағыттар да бар. Олар: Новоишимская – Қостанай, Арқалық – Шұбаркөл, Қостанай – Кайрақ, Қостанай – Жітіқара, Тобыл – Әйтеке Би, Әйтеке-Би – Тобыл, Құсмұрын – Есіл, Құсмұрын – Тобыл, Тобыл – Елімай. Алдын ала билет сатып алғандар үшін қаражат қайтарылады. Ол үшін жергілікті теміржол вокзалдарының кассаларына жүгіну қажет.