Halyk Bank клиенттері 4 мыңнан астам онлайн қызмет түрін жүзеге асыра алады
Ал банктен алыс-берісіңіз болса, енді алаңдайтын ештеңе жоқ. Halyk Bank ұсынған жаңа қызмет бойынша үйде отырып-ақ барлық шаруаны тындыра аласыз. Ұялы телефоныңызға Homebank қосымшасын жүктеп алған соң, бейне сәйкестігін тексеріп аласыз. Тіркелген соң қолма қол ақшаны Halyk Bank-тің кез келген банкоматынан шешіп алуға болады. Пластикалық картаңыз болмаса да Homebank қосымшасы арқылы да ақша алуға мүмкіндік жасалып отыр.
Шоқан Дүсіпов, Homebank департаменті бастығының орынбасары:
- Күллі әлемді шарпыған қауіпті індет банк саласына да әсерін тигізді. Нарық нақты басымдықтарды белгіледі, сондықтан қазақстандықтарға ыңғайлы әрі олардың қауіпсіздігін ойлап, біз қашықтан онлайн қызметтерді дамытуға назар аудардық. Тұрғындарға үйден шықпай-ақ онлайн режимінде шот ашуды және банктік қызмет көрсетуді ұсындық.
«Маған әлеуметтік көмекті алу үшін шот ашу керек болды. Бірақ қазіргі уақытта әрі-бері жүрудің өзі қауіпті. Оған мүмкіндік те жоқ. Сондықтан Halyk Bank-тің жаңа қызметін естіген соң, тексеріп көргім келді. Бұл расында өте қолайлы екен», – дейді Ләйлә Мұсаипова.
Ләйлә Мұсаипова, қала тұрғыны:
- 42500 теңге жәрдемақы алу үшін маған шот аштыру керек болды. Далаға шығуға болмайды. Содан балалардан естідім. Homebank арқылы үйден шықпай, телефоныңыз бен интернетіңіз болса болды, сол арқылы шот карта аштыруға болады екен. Сондай мүмкіндік бар. Өте ыңғайлы.
Смартфоныңыздағы Homebank қосымшасы арқылы 4 мыңнан астам онлайн қызмет түрін жүзеге асыруға болады. Төлемдердің барлығына ешқандай комиссия ұсталмайды. Керісінше шотыңызға 5% бонус түсіп отырады. Кез келген карта түрлеріне немесе есепшоттарға ақша аудара аласыз. Halyk Bank-тің жаңа қызмет түрі тәулік бойы жұмыс жасайды. Егер уақытты үнемдеп, денсаулықты ойласаңыз, Halyk Bank клиенті болуға асығыңыз.
Авторлары: Жандос Айтбайұлы, Кенже Амраев