ЕХӘҚМ: 50 мың теңге алу үшін БЖТ төлеу қажеттілігі туралы тараған ақпарат жалған
Ол үшін екінші деңгейдегі банктердің шоттары арқылы бірыңғай жиынтық төлемді (БЖТ) төлеу қажеттілігі айтылған. Алайда бұл ақпарат шындыққа сәйкес келмейді.
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Қазақстанда БЖТ-ны міндетті түрде аударуға байланыстырылған жәрдемақылар мен төлемдер жоқ екенін хабарлайды.
«Азаматтардан жалған ақпаратқа назар аудармауын және ақпаратты тек ресми көздерден ғана алуын сұраймыз. Жалған ақпаратты тарату заң бойынша жазаланатынын еске саламыз», – делінген хабарламада.