Елордадағы карантин: бас санитарлық дәрігердің қаулысы шықты
Құжат Тауарлар мен көрсетілетін қызметтер сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің сайтында жарияланды.
Хабарламада: «Эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыру, коронавирустық инфекциямен сырқаттанушылық деңгейін төмендету және оның Нұр-Сұлтан қаласының тұрғындары арасында таралуын болдырмау мақсатында 17 тамыздан бастап шектеулі карантиндік шараларды кезең-кезеңімен жеңілдету басталады», – делінген.
- жұмыс күнінің (ауысымның) ұзақтығын барынша қысқарту мүмкіндігімен меншік нысаны мен қызметкерлердің штаттық санына қарамастан барлық ұйымдардың, кәсіпорындардың қызметкерлерінің кемінде 80% үшін қашықтықтан жұмыс нысанын сақтау;
- сауда объектілерінде, қызмет көрсету саласындағы объектілерде, қоғамдық көлікте және адамдар көп жиналатын орындарда дезинфекциялау іс-шараларын жүргізу;
- жұмыс күндері қалалық қоғамдық көліктің жұмысы сағат 6:00-ден 22:00-ге дейінгі жұмыс кестесімен және демалыс күндері жұмысқа тыйым салу;
- азық-түлік және азық-түлік емес базарлардың (ашық ауада) жұмысын күшейтілген санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды сақтай отырып, жұмыс және демалыс күндері жұмыс кестесін сағат 10:00-ден 17:00-ге дейін белгілей отырып ұйымдастыру;
- сауда-ойын-сауық орталықтарының, сауда үйлерінің, сауда орталықтарының жұмысын жұмыс күндері күшейтілген санитарлық-эпидемияға қарсы санитарлық-профилактикалық іс-шараларды сақтай отырып демалыс аймақтарында және демалыс орындарында сатып алушылардың болуын қоспағанда, бір келушіге 4 м2 есебінен жобалық қуаттың 30% аспайтын толымдылығын сақтай отырып жұмыс кестесін сағат 10:00-ден 20:00-ге дейін белгілеумен және демалыс күндері жұмысқа тыйым салумен ұйымдастыру.