Шабындық шөпті киіктен қалай қорғаймыз?
Өткен жаңалықтарымызда осы мәселені көтерген болатынбыз. Бүгін Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің өкілі арнамызға сұқбат берді. Қапелімде көзге түсе бермейтін өте үркек ақбөкен ауыл іргесіне дейін келіп жайылатын болған. Бұл қуанарлық жағдай. Дегенмен, киіктің үйірімен жүріп өткен жерінен ораққа ілінерлік шөп қалмайды екен. Ал киелі жануарды атуға болмайды. Оған 2023 жылға дейін тыйым салынған. Үркітуге де рұқсат жоқ. Сонда не істемек керек? Маманның жауабын тыңдап көрейік.
Аян Азаматұлы, Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің баспасөз хатшысы:
– Бұл мәселенің туындап отырғаны рас. Оны шешу үшін комитет, жергілікті билік тарапынан да біршама жұмыстар атқарылып жатыр. Оның үстіне шетелдік тәжірибе де қолданылуы мүмкін. Нақты киік болмаса да мұндай мәселемен кездесуі мүмкін қой ол кісілердің. Сол тәжірибелерде қабылданған шаралар бойынша жұмыс жасау жоспарлануда.