Ақтауда коронавирустық инфекцияның жаңа фактілері тіркелді
Мамандардың айтуынша, тұрғындардың карантиндік шектеулерге қарамастан жасырын үйлену тойларын жасауы, отбасылық мерейтойлар мен еске алу, ас беру сияқты шараларды өткізуі – қауіпті індетті жұқтыруға себеп болған.
Жауапты органдар карантин тәртібінің сақталуын қадағалап, күн сайын рейд жүргізіп жатыр. Мәселен, өңірде кәсіпкерлік нысандарын тексеретін 23 мобильдік топ бар. 17 тамыздан бері 700-ге жуық сауда нысаны тексеріліп, 130 әкімшілік іс қаралды.
Ғазиз Надуев, облыстық ТКҚСҚ Бақылау департаментінің басшысы:
– Вирус жұқтырғандар – өңірге сырттан келгендер емес, жергілікті тұрғындар. Демек, өз арамызда жүрген тұрғындардың індетті тарату қаупі бар екендігі алаңдатады. Соңғы 2 күнде бізде 3 жағдай тіркелді. Бірақ қыркүйек айында нөлдік көрсеткіштер болғандықтан, біз мұны күрт өсу деп есептейміз. Сондықтан да тұрғындарды сақтық шараларын барынша қатаң сақтауға шақырамыз.