Банкнот арқылы COVID-19 жұғуы екіталай
Оның айтуынша вирустың таралуына жол бермеу үшін қажет қауіпсіздік шаралары толық сақталады.
Банкноттардағы COVID-19-дың өміршеңдік мерзімі тақырыбында әртүрлі пікір айтылады. Бір деректер бойынша вирус бөлме температурасында заттардың бетінде 28 күнге дейін, басқа деректер бойынша 24 сағатқа дейін өмір сүреді.
Ал Еуропа Орталық банкінің өкілдері: «Банкноттардағы COVID-19 іздері бірнеше сағаттан кейін жойылады», – дейді. Бірақ вирустың өмір сүру уақытын анық білу үшін әлі талай зерттеу қажет. Осындай сантүрлі пікірге қарамастан Ұлттық банк қауіпсіздік мәселесіне ерекше көңіл бөліп отыр.
Жомарт Қажымұратов, ҚР Ұлттық банк Қолма-қол ақша айналысы департаментінің директоры:
- Ұлттық банк әдеттегідей банкноттарды қайтадан айналысқа шығару алдында ақшаны банктік орауға орап, кемінде 14 күн сақтау орнында сақтайды. Осыдан кейін ғана біздің мамандар ақшаны сұрыптауға және санауға кіріседі. Банкноттарда вирустың өмір сүру ұзақтығы жөніндегі әртүрлі нұсқалардың болуы ескеріле отырып, алдын алу мақсатында қолма-қол ақша қайта санауға дейін ашылмаған күйі 45 күн бойы сақталады.
Сондықтан да Ұлттық банктен айналысқа түсетін банкноттардың бетінде COVID-19-дың болу ықтималдығы шамалы.
Жомарт Қажымұратов, ҚР Ұлттық банк Қолма-қол ақша айналысы департаментінің директоры:
- Біздің ұсынымдарымызға сай екінші деңгейдегі банктер, «Қазпочта» АҚ және инкассаторлық ұйымдар банкоматтар мен кассалық техниканы залалсыздандыруды жүргізеді.
Сақтықта қорлық жоқ. Сол себепті Ұлттық банк ДДСҰ мен еліміздің Денсаулық сақтау министрлігінің орынды кеңестерін басшылыққа алуды ұсынады. Қай жерде жүрсеңіз де жеке қорғану құралдарын қолданып, тазалықты ұмытпаған жөн.
Авторы: Ұлан Нарынбек