Әліппе 2021 жылы енгізіледі
Ол алдағы жылдың қаңтарынан бастап сынақтан өтеді. Бұл туралы ҚР Білім және ғылым вице-министрі Шолпан Каринова мәлімдеді. Министрлік пилоттық мектептердің тізімін бекіткен. Көп ұзамай оқулық әзірлеудің барлық кезеңі айқындалмақ. Сараптамадан сәтті өтіп жатса, жаңа оқулық бекітілмек. Бағдарламаны әзірлеуші жұмыс тобына жауапты министрлік өкілдері мен ұстаздар және тілтанушы ғалымдар тартылды. Әліппе Ахмет Байтұрсынұлының әдістемесі негізінде дайындалатын болады.
Шолпан Каринова, ҚР Білім және ғылым министрінің орынбасары:
- «Әліппенің» оқу бағдарламасына қатысты оқулықтар әзірлеу жұмыстары басталды. Бұл жұмыстың соңы ретінде 2021 жылдың қаңтар айынан бастап оқулықтар апробацияға енгізілетін болады. Ол үшін ҚР Білім және ғылым министрлігі апробация өткізетін пилоттық мектептердің тізбесін бекітті. Осы бекіткен тізбеге байланысты барлық мектепте әліппенің бағдарламасы біріншіден зерделенетін болады.