СҚО тұрғыны демеу қаржыға толық көлемде қол жеткізе алмай жүр
Кәсіпкер өңірде бірнеше жылдан бері құс шаруашылығымен айналысып келеді. Биыл елімізде әр жұмыртқаға төленетін субсидия екі есеге дейін қысқарған. Оның үстіне бірінші тоқсан үшін қаражат мүлдем түспеген екен. Ал қазір ол басқарып отырған серіктестік шығынға батудың аз-ақ алдында. Себебі құс тұмауынан фабрикада 590 мың бас қанатты жойылды. Олар үшін өтемақы әлі толықтай берілмеді.
Игорь Тищенко, құс фабрикасының директоры:
- Бізге тиесілі субсидия күзде бірақ төленді. Ал бұл демеу қаржыны алу үшін кәсіпкерлерге жарты жыл ғана беріледі. Құжаттар уақытылы өтпеген соң бірінші тоқсан үшін ақшадан айырылып қалдық. Былтыр 200 млн, ал биыл тек 70 млн теңге алдық. Оның үстіне жергілікті әкімдік жұмыртқа бағасын қымбаттатуға да рұқсат бермеді.