М.Әшімбаев: Пандемиядан дұрыс қорытынды шығару маңызды
Мәулен Әшімбаев тәуелсіздіктің қадірін қастерлеу қажеттігіне тоқталды. Жастардың ең басты миссиясы – елге қызмет ету, мемлекетті жаңа белестерге жеткізу екендігін атап өтті. Қоршаған орта мен материалдық ресурстарға ұқыпты қарау керектігі де сөз болды.
Жалпы «Zeren» жобасына 2 жарым мыңға жуық жас қатысқан. Олар түрлі сала бойынша оқыту платформаларында білімдерін жетілдіруге мүмкіндік алды. Жиын соңында «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаттары марапатталды. Ғылыми, шығармашылық, қоғамдық қызметте талантымен танылып, жоғары спорттық жетістіктерге жеткен азаматтар мемлекеттік сыйлыққа ие болды.
Мәулен Әшімбаев, ҚР Парламенті Сенатының Төрағасы:
– Ұлы Абай: «Сенде бір кірпіш дүниеге кетігін тап та бар қалан», – деп айтқанын баршаңыз білесіздер. Отанға, ұлтқа қызмет ету сол бір елдің кетігіне кірпіш болып қалану деген сөз. Тәуелсіздік алғалы Елбасымыздың бастамасымен жастарды қолдауға арналған көптеген бастамалар жүзеге асырылды. Осы бағыттағы жұмыстар әр уақытта да жалғаса береді. Бұл мәселені Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев басты назарында ұстап отыр. Мемлекет басшысының бастамасымен осы бағытта көптеген жобаға қолға алынды.
Әсем әшімова, «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты:
– «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығы мен үшін еңбегімнің мемлекеттің бағалағаны деп білемін және қолдауы мен сенімі деп білемін. Бұл мен үшін үлкен жауапкершілік. Болашақта артқан сенімді ақтауға тырысамын.