Елорда дамуы ерекше бақылауда
Таяу арада «Агроқалашық» «Көктал-1», «Көктал-2» аумағындағы жұмыс та өз мәресіне жетеді. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының құрылысын бақылау жөніндегі мемлекеттік комиссияның отырысында айтылды. Бүгінге дейін қала аумағында 300 шақырымға жуық құбыр тартылыпты. Бұл шамамен бес мыңдай үйді қамтиды. Отырысқа қатысушылар қаладағы тұрғын үйдің қолжетімділігін арттыру, әлеуметтік нысандар мен көлік инфрақұрылымын дамыту, азық-түлік бағасын ұстап тұру секілді мәселелерді де қарастырды.