Зейнетақы қорындағы ақшаны қашан алуға болады?
Осы құқығын жүзеге асыру үшін бүгінге дейін 30 мың қазақстандық арнайы есепшот ашып үлгеріпті. Оның 28 мыңы мобильді қосымша арқылы жасалған.
Мамандар өтінішті қабылдау, жалпы өзге де жұмысты онлайн түрде іске асыруды көздеп отыр. Ақшаны қашан алуға болады? Үйді рәсімдеу қай кезде басталады?
Ердәулет Ыбырайұлы, тілші:
– Бүгін сөз етіп отырған тақырыпқа қатысты Жаңа жыл басталғалы күнде бір жаңа мәлімет шығып жатыр. Мәселен, бүгін Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры кезекті қызметті іске қосқандығын мәлімдеді. Енді кабинет НПФ нүкте кз.порог сілтемесіне кірсеңіз, өзіңіздің жинақтағы қаражаттың мөлшерін білуге болады.
Ал ол қаржының бір бөлігін алу «Отбасы» банкі арқылы жасалатыны белгілі. Былай қарағанда, жаңа бір саты пайда болды. Қаржылық ұйым өкілдері бұл жерде банктің қандай да бір мүддесі жоқ екенін алға тартады.
Жансұлтан Матаев, «Отбасы» банк АҚ орталық филиалының директоры:
– «Отбасы» банк уәкілетті оператор ретінде зейнетақы жинақтарын аударатын ағымдағы есепшоттарды ашуға және де жүргізуге, сондай-ақ осы зейнетақы қорындағы төлемдерді аударуға байланысты агенттік қызметтер үшін ешқандай комиссия алмайды. Яғни барлығы тегін болады.
Қызметтің тегін көрсетілгені жақсы. Дегенмен бұл мүмкіндікті мүлт жібермеу үшін қандай қадамдар жасалуы тиіс деген сұрақ әлі талқыланып жатыр. Осы айтылғандарды жалғастыра отырып, сіз арнайы шот иесі атанасыз. Ол үшін бірнеше қадамнан өтуіңіз тиіс. Ендігі кезекте өтініш қабылдау басталады. Бұл жерде де негізгі оператор «Отбасы» банкі болады. Бірақ оның осы кезеңдегі жұмыс істеу ережесі әлі дайын емес.
Асхат Нәметша, экономист:
– Жаңа идея болғандықтан, бұған жаңа көзқарас қажет. Уақыт мәселе. Жаңа ереже енгізу, жаңа заңдар жазуда уақыт талап етеді. Үшінші мәселе – жалпы адам ресурсы. Осы адамдардың құзыреті бар ма, компетенциялары бар ма?
Банк өкілдері бұл сұраққа «иә» деп жауап қатты. Тек ереженің шыққанын күтіп отыр. Әйтпесе бәрін өз сайттарында жариялап, жұмысты бастауға дайын. Ал ІТ саласының мамандары қазіргі ұстанымды өзгерту керек деген пікірде. Өйткені банктің сайты бір мезетте үлкен жүктемені көтере алмауы мүмкін. Былтыр әлеуметтік төлемдер тағайындау кезінде Егов-тың өзі сыр бергені көптің есінде.
Дархан Біржанов, ІТ-компания директоры:
– Қандай сайт болмасын 100 мың адам кірсе, жұмыс істей алмайды. Қазір шот ашып жатыр. Одан кейін арыз жаз дейді. Оған тағы документ бер дейді. Оның бәрін қиындатпай, жеңілдету керек.
«Отбасы» банкі әзірше бұған қатысты қандай дайындық жасап жатқанын мәлімдеген жоқ. Десе де электронды цифрлық қолтаңбаны дайындап қоюға кеңес беруде. Айтпақшы, егер ол өзіңізде болса, жарамдылық мерзімін анықтап алыңыз. Ал жоғарыда айтылған негізгі ереженің қашан дайын болатындығы әзірге белгісіз.
Авторы: Ердәулет Ыбырайұлы